Димаштың 3 әні әлемдік хит-парадтың ТОП-10-дығына енді

760
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Димаш Құдайбергеннің бірден 3 әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-дығына енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Димаштың «Okay» атты әні Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орында тұр. Ол әнге жақында бейнеклип түсірілген еді. Одан жоғарырақ Димаштың «Fly Away» әні бар, ол 22 апта бойы ТОП-10 тізімінде тұр.

Д. Құдайбергеннің «Fly Away» композициясы алғаш рет Billboard — Hot Trending Songs жаңа чартына 2021 жылдың күзінде қосылды. Кейін чартқа «Be with me» авторлық композициясы еніп, ол 24 апта бойы тізімнен түспеді. Ал биылғы қаңтарда қазақстандық әншінің аталған қос әні апталық чартта рейтингінің ең жоғарғы жолдарына – 1 және 3-орындарға көтерілді.

Биыл 15 мамырда World Music Awards ресми аккаунты жеке орындаушылар арасында Billboard’s Hot Trending Songs чартында ұзақ уақыт тұратын екі әнді атап өтті. Олар: Димаштың «Fly Away» әні және Оңтүстік Кореяның дүниежүзіне танымал BTS тобының мүшесі Джиннің «Yours» композициясы.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket