Оралда жас жігіт көпірден секіріп кетті

1977
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 31 мамыр күні сағат 20:30-да «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған.

«Полицейлер ер адамды судан шығаруға көмектесті. Қазіргі таңда оның жеке басына қатысты мәліметтер анықталып жатыр. Азамат шамамен 25-30 жаста»,– деп түсіндірді БҚО Полиция департаменті.

Айта кетейік, мамандар ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастарды.

Пікірлер