Әскери міндеттен босату үшін пара алған басшы қамалды

3054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/1-10.jpg
Ресейліктердің әскери міндеттен босау үшін өте көп пара беріп жатқаны анықталуда. Мәселен, соғысқа дейінгі мен қазіргі жағдайды салыстырғанда параның құны да 10 есеге артқан,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осы орайда Саратов облысы Балаковский аудандық соты жергілікті әскери комиссариаттың әскери қызметке шақыру жөніндегі бөлімінің бұрынғы бастығы Самат Ханбиковті қатаң режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
"Lenta.ru"  сайтының жазуынша, ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Тергеу анықтағандай, Ханбиков әскери қызметтен заңсыз босатылғаны үшін мерзімді әскери қызметшіден 2,7 миллион рубль алған. Ақшаны аудару қауіпсіздік күштерінің бақылауымен жүзеге асқан.  

 "Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии