Ақтауда жас жігіттер мен полицейлер төбелесті

3038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/zagruzhennoe-31.jpg
Ақтауда жас жігіттер мен полицейлер төбелесті. Төбелес Самал шағын ауданындағы теңіз жағалауында болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 25 мамырда сағат 23:10 шамасында болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп , төбелестің ұласуының алдын алды.
— Осы аумақта күшейтілген режимде қызмет атқарып жүрген жауапты полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, төбелестің алдын алу үшін бірден шара қабылдады. Жастардың бір-біріне қатысты шағымы мен арыздары жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді, — делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 "Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии