“Полиметалл” компаниясының директоры жұмыс бөлмесіне Путиннің суреті мен Ресейдің туын қойып қойған

3220
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/ Ерқанат Көпжасардың парақшасынан
Фото: Facebook/ Ерқанат Көпжасардың парақшасынан

Шығыс Қазақстан облысындағы “Полиметалл” алтын өндіру компаниясының директоры Кеңпейіл Ордабайұлы жұмыс бөлмесіне Тоқаев пен Путиннің суретін, төріне Ресейдің туын қойып қойған. Бұл туралы журналист Ерқанат Көпжасарұлы Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Шығыс Қазақстан облысында “Полиметалл” деген алпауыт компания бар. Алтын өндіруден Республикада алдына түсетін мекеме жоқтың қасы. Қазақстан қазба байлығының қызығын көріп отырса да компания директоры Кеңпейіл Ордабайұлының жүрегі Ресей деп соғатын секілді”, - деп жазған Ерқанат Көпжасар.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер