Нұр-Сұлтандағы «Тәуелсіздікке 30 жыл» баннері екі адамның үстіне құлап кетті

2404
Adyrna.kz Telegram

«Тәуелсіздікке 30 жыл» баннері елорданың екі тұрғынының үстіне құлады. Оқиға Бейбітшілік және келісім сарайының маңында болғанын Qumash Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

«Бізге оқиға куәгері мен жәбірленушінің туысы қондырғыны жел ұшырып кеткенін айтты. Ол орнатылған жерден 10-15 метр жерге ұшып кеткен. Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл қондырғы ешқайда бекітілмеген және тек өз салмағында сақталған» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 33 жастағы жәбірленушінің көптеген сынықтары бар екені көрсетілген. Түнде оған ота жасалып, жансақтау бөлімінен политравматология бөліміне ауыстырылды.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы ғимараттың құлауы туралы мәліметтерді хабарлады.


Зардап шеккен бір ересек адам мен бір бала әртүрлі жарақаттар алып, денелері көгерген. Олар толық сараптамадан өту үшін көпсалалы қалалық ауруханаларға жеткізілді. Жедел жәрдем деңгейінде оларға ауруханалардың арнайы мамандары барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.

«Әйел түрлі жарақаттар мен көгерулермен ауруханаға жатқызылды. Әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша стационарда болып, ем алады. Тағы бір жәбірленуші жасөспірімді мамандар тексерді. Қарау кезінде науқастың жағдайы орташа, асқынусыз. Дәрігерлер оны толық тексеруден өткізді, содан кейін науқас амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасы.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер