Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

2583
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/fbf302e0-0951-44b6-a368-098f29a25634.jpeg
Ертіс өзенінен бір әйел өлі табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Департаменттің мәліметінше, 12 мамырда полиция органдарының «Восточник-3» бау-бақша серіктестігінің маңында әйел адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«12 мамырда Үлбі полиция қызметі Ертіс өзенінен әйелдің денесін тапты», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қозғалған қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии