Наргиз Закирова Домодедово әуежайында ұсталды

4047
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/7738a724-1afb-4be6-b22b-2b3a21eae57a.jpeg
Белгілі әнші Наргиз Закирова Мәскеудің Домодедово әуежайында ұсталды. Ол Ташкенттен қайтып келе жатқан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қайраткерді Ресейге кіргізбеді»,– деп жазды vesti.uz. сайты.
Өнер иесі жақын арада Өзбекстанға депортациялануы мүмкін. Ықтимал депортацияның себебі айтылмады. Еске салайық, бір ай бұрын Наргиз Закирова Ресейден кеткен болатын. Осыдан кейін ол әлеуметтік желілерде екі ел арасындағы қақтығысқа қатысты бірнеше даулы жазба жариялады.
Комментарии