Путин жұмыс істемейтін зейнеткерлердің зейнетақысын көтермек

2816
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин 1 маусымнан бастап жұмыс істемейтін зейнеткерлердің зейнетақысын 10 пайызға көтеруді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы сәрсенбі, 25 мамырда әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңес президиумының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл мәселені ұзақ талқылап, шешімін таптық. Біздің заңнаманы ескере отырып, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жұмыс істемейтін зейнеткерлердің зейнетақы мөлшерін 10%-ға арттыруды ұсынамын», - деді Путин.

Осылайша орташа зейнетақы 19 360 рубльді құрамақ.

Пікірлер