Қостанайда астыртын казино бар екендігі анықталды

2020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/3bdb0ac7-1adb-45ad-8bf4-02314b03c6d7.jpeg
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінің ғимаратындағы астыртын покер клубының қызметін әшкереледі, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
"Заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда "поке"» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды, — деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 "Адырна" ұлттық порталы

Комментарии