Энергетика министрі АЭС салынуы мүмкін ауданды атады

2689
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/68e99c56-e8d9-4b08-91bf-6f4136c71abb.jpeg
Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынуы мүмкін ауданды атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қуаты шамамен 2,4 ГВт болады. Ал орналастыру ауданына келетін болсақ, ықтимал нұсқа ретінде Балқашты қарастырып отырмыз. Бұл аудан кеңестік дәуірден бері зерттелді»,— деді ол.
Айта кетейік, бүгінде 31 ел атом электр станцияларын пайдаланып отыр.
Комментарии