Назарбаев кеңсесіне биыл бюджеттен шамамен 2,5 млн тг жұмсалмақ

3876
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/f797c568-10b5-4035-9764-04ea3e8b14e7.jpeg
Назарбаев кеңсесіне биыл бюджеттен шамамен 2,5 млн тг жұмсалмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап. Nege.kz редакциясы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа экс-президенттің шығынына қатысты ресми сауал жолдапты. Олар оның зейнетақысына, жүріп-тұруы мен туыстарын қолдауға мемлекет тарапынан ай сайын қанша қаржы бөлінетінін сұраған. Сауалға қаржы вице-министрі Т.Савельева жауап берген.
«2022 жылға арналған республикалық бюджетте Елбасы Кеңсесінің қызметін қамтамасыз етуге 1 249, 6 млн теңге сомасында және Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз етуге 1 392, 9 млн теңге сомасында шығыстар көзделген», — делінген.

”Адырна” ұлттық порталы

 
Комментарии