Шымкентте ауруханааралық дәріхана ғимаратында болған жарылыста бір адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, жарылыстан ғимарат жанындағы Түркістан облыстық перинаталды орталығының күзетшісі көз жұмған.
Оқиға туралы департаментке бүгін, 21 мамырда, сағат 11:36-да хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар дер кезінде жеткен. Аталған ғимарат перинаталды орталыққа қатысы жоқ екені анықталды.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Күзетші сол жерде жан тапсырған. Басқа зардап шеккендер жоқ.
"Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бүлінген үй туралы басқа БАҚ таратқан хабарларды баспасөз қызметі жоққа шығарды.
"Адырна" ұлттық порталы.