Айнұр Төлеу: "Электр қуатын жұмсайтын ақылды машиналар шыққанда қазақ бір жаңа көлік мінуге зар"

2348
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/7c59bec4-b0d4-4193-8fa9-b1f1e30fa189-960x500.jpeg?token=2edf494b75c6c56557fce161db20bb75
Несиеге көлік алып тұр. Мұны жаңалық қып беріп жатыр. Қаншама қазақ кезекте тұр. Ал бұл алған алғашқы адам. Былай қарасаң, жар салуға, мақтануға болатын жаңалық сияқты. Ал, осы мәселеге шетелде отырып қараңызшы. Шетел болғанда Пхеньянда емес енді. Сеуілде, Токиода отырып қараңыз. Мына жаңалыққа күлер едіңіз. Құдай- ау, өзі жүретін, электр қуатын жұмсайтын ақылды машиналар шыққан заманда қазақ бір жаңа көлік мінуге зар. Адамды бақытты қылу қандай оңай. Алдымен одағы мүмкіндікті тартып алып тапшылықты қолдан жасайсың. Сосын оны несие деген құлдыққа кіргізесің. Құлдыққа кіріп тұрып, бақытты болуға болады. Сондықтан осында отырып алып, Түрікменстанға күлетіндерді онша түсіне алмаймын.

Айнұр Төлеу,

ақын, журналист.

Комментарии