«Қыркүйектен бастап 1 сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі» - Тоғжанов

3218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/9cb7981f-b7ee-45ea-a3ec-4643cfc6734e.jpeg
Жаңа 2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы. Вице-премьердің айтуынша, мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар.
«Балаларды тәрбиелеу кезінде еңбекке баулудың маңызы зор. Оны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі», – дейді Тоғжанов.
Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға септігін тигізеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии