Home » Айдарлар » Адырнама » «Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференцияға шақырамыз

«Алаш арыстары және ашаршылық» атты конференцияға шақырамыз

2018 жылғы 29 мамыр сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының конференц-залында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алаш арыстары және ашаршылық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады. Іс-шара барысында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы баяндамалар жасалып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары +7 (702) 270-21-02 , +7 (747) 378-72-12, +7 (707) 144-47-01.


“АДЫРНА” ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Алматыда “Тарихтан тағылым: ұлттық идея және дін мәселелері” атты конференция өтті

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы ҚР Ұлттық кітапханасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталған шара ...