«Нацистер жұмыс істеп жатыр!»: Павлодарда қазақтарды гастро-барға кіргізбеуде

4185
Adyrna.kz Telegram
Фото:elements.envato.com иллюстрациялық сурет
Фото:elements.envato.com иллюстрациялық сурет

Павлодардағы көңіл-көтеру орындарының бірінде  жанжал шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын айтуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Politic басылымына сілтеме жасап.

«Павлодарда қазақтарды барға кіргізбейді. Олады дресс-код пен фейс-контрольдан өткізбейді», - деп жазады басылым авторы.

Белгілі болғандай, мекеме қызметкерлерінің «таңдаулылығы» көптен бері сынға алынып келеді. Оған 2gis-тегі шолулар дәлел.

Ерлан Бөкенов: Толық ұлтшылдық, қазақтарды кіргізбейді;

Гузя Кенже: Менің достарымды кіргізбеді, себебі не? Ұлты басқа ма? Сіз қайда тұратыңызды ұмытпаңыз?

Асем Адилова: Сабырлы, мәдениетті адамдар келді. Олар фейс-контрольдан өтпеді... Орыстарды ғана кіргізесіздер, солай ма???;

Объективті пікір: Нацистер жұмыс істеп жатыр! Орыстар басымдыққа ие, қазақтарды кіргізгісі келмейді;

Макинтош: Ұлтшылдар! Мына лас жердің иесінен бастау керек. Бұл оның қалауы;

Red Fox: Астанада олар Zoloto клубына еркін барды, ал мұнда кіргізбеді. Бұл - нацизм;

Данияр Нұртазинов: Face-control Олар маған ештеңе түсіндірместен кіргізбеді. Досым байсалды және әдемі киінген болатын.

Сондай-ақ, осыдан бір ай бұрын жазылған пікірлердің біріне мекеме басшылығы бүгін ғана реакция білдірді.

«Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің лауазымдық сипаттамасында «ұлтшылдық» тармағы ешқашан болған емес және болмайды», - делінген хабарламада.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер