Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық берді

2846
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қызылорда облысында табиғат жанашылары тартылып қалған Арал теңізін қайта суға толтыру үшін Құдайдан көмек сұрап, тасаттық берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Информбюро жаңалықтарының қызметіне сілтеме беріп.

Рәсімге 500-дей адам қатысқан. Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.

Еске салсақ, былтыр дәл осы Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен еді. Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер