«TiJi» арнасы мультфильмдерді қазақ тілінде көрсетуді бастады

1860
Adyrna.kz Telegram

Танымал «TiJi» арнасы мультфильмдерді қазақ тілінде көрсетуді бастады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Былтыр басталған жоба кеше нәтижесіне жетті. TiJi телеарнасы контентін қазақ тілінде тарату бастады.  Құтты болсын! Ол қазір мына операторларда қолжетімді: Алма ТВ, TV Commerce, Қазақтелеком, Фермата ПРК, Қайнар Медиа (Талдықорған қ.), Тералайн (Нұр-Сұлтан қ.), ТТК (Теміртау қ.)»,– деді министр.

Айта кету керек, «TiJi» — 20 мемлекетте 14 тілде хабар тарататын арна. Ол 2-ден 7 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз ақпараттық кеңістік алаңы болып есептеледі.

Пікірлер