Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

3192
Adyrna.kz Telegram

Жемқорлық күдігіне ілінген Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Таубаев аурухана салып жатырған мердігер компаниядан 185 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы 5 жылға сотталды.

Айта кетейік, айыпталушылар өз кінәларын мойындамады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер