ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
- Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
- Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылда- сын.
- Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- 4-баптың 1- тармағындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.
- 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
- 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
- 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
- 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
- 42-бапта:
- 43-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.».
- 44-бапта:
- 46-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
- 47-бапта:
- 50-бапта:
- 51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
- 52-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
- 53-бапта:
- 54-бапта:
- 55-бапта:
- 56-баптың 1-тармағында:
- 57-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
- 58-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
- 61-бапта:
- Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
- 62-бапта:
- VI бөлімнің тақырыбындағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
- 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады.
- Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Президенті тағайындайды.
- Конституциялық Соттың төрт судьясын – Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.
- Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
- Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
- Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.».
- 72-бапта:
- Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
- Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.».
- 73-бапта:
- 74-бапта:
- VII бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
- 78-баптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын.
- 82-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
- Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.».
- 83-баптың 4-тармағындағы «заңмен» деген сөздер «конституциялық заңда» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
- Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.».
- 87-бапта:
- 88-баптың 4-тармағындағы «Президенті,» деген сөз алып тасталсын.
- 91-бапта:
- Мынадай мазмұндағы 99-баппен толықтырылсын:
- Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
- Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.».
- Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдау тәртібін, сондай-ақ Конституциялық Соттың қызметін айқындайтын ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының лауазымды адамдарға өкілеттіктер берудің жаңа тәртібін белгілейтін нормалары, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімінің өтуіне немесе өкілеттігінің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі.
- Жоғарғы аудиторлық палатаның құрамы қалыптастырылғанға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыруды жалғастырады.