Қазақстандық телеарналар Әзірбайжанда хабар таратуы мүмкін

2541
Adyrna.kz Telegram
Фото: mail.kz
Фото: mail.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Республикасына іс-сапары барысында Әзірбайжан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кездесуде «Balapan», «Kazakh tv», «Хабар24» телеарналарын Әзірбайжан аумағында көрсету ұсынылды.

Министр қазақстандық нишалық телеарналардың Әзірбайжан аумағында хабар таратуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтып, әзербайжандық мамандарды Орталық Азиядағы ең ірі медиашара – Astana Media Week апталығына  шақырды.

Әзірбайжан тарапы Қазақстанның БАҚ саласындағы, оның ішінде анимация өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, шараға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер