Тараз түбіндегі апаттан зардап шеккен өзбектер Отанына қайтарылды

3132
Adyrna.kz Telegram

Зардап шеккен 13 адам, қаза тапқан екі адам және уақытша жылыту орнында болған тағы жеті адам Өзбекстанға жөнелтілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы Батыс-Еуропа-Батыс Қытай тас жолында жан түршігерлік апатқа ұшыраған өзбектер бүгін түнде үйлеріне қайтарылды.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ құрамындағы автоколонна сегіз жедел жәрдем көлігі мен бір жолаушы автобусы түнгі сағат екілер шамасында Өзбекстанға қарай бет алды.

Таңертеңгі сағат жетілер шамасында колоннаның шекарадан өткені белгілі.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер