Зейнеткерлік жас қысқартыла ма?

3043
Adyrna.kz Telegram
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Зейнеткерлік жасты қысқарту Үкіметте талқыланатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы t.me/zakonkz телеграмм каналы жазды.

— Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Халықаралық тәжірибеде зейнет жасын төмендетуді ғана айтпайды. Бұл тақырыпты тек кеншілер көтермейді. Бүгінде мүгедек баласы бар аналар да көтеруде. Сондықтан жыл соңына дейін Әлеуметтік кодексті талқылайтын боламыз. Бірнеше талқылау болады, - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер