42 млн теңгеге жарнама немесе депутаттардың "жоспары" қалай іске аспады?

2304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/photo_49869.jpg
Алматылық депутаттар өздерінің қаншалықты жақсы жұмыс істеп жатқаны туралы мақалалар жариялауға бюджеттен 42 миллион теңге жұмсамақ болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Protenge телеграмм каналы жазды.
Депутаттар жаңалықтар тақырыбын өз беттерінше ойлап табуды, ал жарияламас бұрын өздері туралы материалдарды тексеріп шығуды жоспарлаған. Бірақ жарнаманы ешкім сатып алмаған.
Ең бастысы, оларды ешкім жарнамалағысы келмеген. Байқауға өтінімдер түспеген.  Алайда депутаттар өздерінің жарнамасы үшін екінші рет байқау ұйымдастыруы да ғажап емес!  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии