Референдум өткізуге бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінеді

2625
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.
"Алдағы республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл есептеулерді Орталық сайлау комиссиясы ұсынды. Біз бүгін бұл шешімді Үкімет қаулысымен қабылдадық", - деді Жамаубаев.
Биыл республикалық референдум 5 маусымда өтеді. Онда Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер