Мәжілісмендер 9 мамырда Сталин мен Берияның портретімен шыққандар туралы: Бұл олардың моральдық құқығы

2932
Adyrna.kz Telegram

9 мамырда Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портреттерін алып көшеге шыққандар туралы "олардың моральдық құқығы бар", деп жауап берді Қазақстан халықтық партиясынан (бұрынғы «Халық коммунистері») сайланған Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов.

«Әскери зейнеткерлер – олардың моральдық құқығы, қазір ренжіген әскери зейнеткерлер өте көп, олардың салыстыратын нәрсесі бар, сондықтан да бұл олардың таңдауы, мен оларды кінәлай алмаймын», - деп Құлахметов сәрсенбі күні Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Әскери белсенділерге қатысты ол «олар сәйкесінше ант береді, тиісінше әскери талаптар, әскери жарғылар бар, олар осы ережелерге бағынуы керек» деп мәлімдеді.

Айта кету керек, 9 мамырда Алматыда Берия мен Сталиннің портреттері бар жеке тұлғалардың жаппай шеруге шығуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды, себебі бұл екі кеңестік басшы да 20 ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда жаппай қуғын-сүргінге және көптеген адамдардың өліміне тікелей қатысы бар адамдар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер