Алматыда толассыз жауын салдарынан көшелер мен аулаларды су басты (ВИДЕО)

4089
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 11 мамырда нөсер құйды. Толассыз жауған жауынның салдарынан көшелер мен бірнеше ауланы су басып қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазгидромет 11 мамырда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп хабарлаған болатын. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10, екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы күндіз - 20-22 градус.

Сондай-ақ, бұған дейін Қазгидромет 11 мамырда Алматыда қатты жаңбыр мен екпіні секундына 15-20 метрге жететін екпінді желге байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Синоптиктер 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні дауылды ескерту жарияланғанын атап өтті. Нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, найзағай секундына 20 метрге дейін жетеді.

«Біздің болжамымыз бойынша, жаңбыр ертең таңертеңге дейін екпінді жауады.Толқын процесі жүріп жатыр, фронт тауға жақындаған сайын жаңбыр қайтадан күшеюде, деді Алматы қаласының «Қазгидромет» РМК филиалының қызметкері Дәулет Қисебаев.

Пікірлер