Алматыда Қасым хан муралы пайда болды

4352
Adyrna.kz Telegram
Фото: Instagram/@gaka.space
Фото: Instagram/@gaka.space

Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр  көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің  қабырғасына салынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған мурал Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.


Суреттер @gake.space Instagram парақшасынан алынды 

Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120  дана баллон бояу кеткен екен.

Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер