Джо Байден Украинадағы демократияны қорғау туралы заңға қол қойды

4472
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/24a33605-fdce-422c-b57d-dd0203bf2253.jpeg
АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы демократияны қорғау үшін ленд-лиз деп аталатын заңға қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ пен өзге де әскери құрал-жабдықты жеткізу рәсімін жеңілдетеді.
«Америка Құрама Штаттары украиналықтардың өз елін және демократиясын Путиннің сұрапыл соғысынан қорғау мақсатында күрісіп жатқан шайқасына қолдау көрсетеді»,– деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки президенттің Украинаға барғысы келетінін жеткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии