Премьер-министр Әлихан Смайылов «Ақжол» фракциясының депутаттық сауалына жауап беріп, «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ (ТҚК) мүлкінің мемлекет меншігіне қайтарылуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
t.me/orda_kz телеграмм каналы жазғандай, 2022 жылғы наурызда табиғи монополиялар субъектілерінің кірме жол қызметтерін көрсету саласындағы қызметін сараптау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Топ 219 станция мен 83 табиғи монополия субъектілерінің 579 кіреберіс жолдарын талдап, тексерді.
Нәтижесінде кірме жолдарды пайдалану үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі анықталды.
"Адырна" ұлттық порталы