Home » Жаңалықтар » Маңғыстаудағы мұнай кенішінде өрт болып, үш адам ауруханаға түсті (видео)

Маңғыстаудағы мұнай кенішінде өрт болып, үш адам ауруханаға түсті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 20 мамыр күні түнде “Комсомольское” кен орнында болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері хабарлағандай, оқиға салдарынан “М-Техсервис” ЖШС-нің үш қызметкері зардап шеккен. Жедел жәрдем авиациясы оларды таңғы 05:10-да түрлі дәрежедегі күйікпен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді. Денесінің 60 пайызын күйік шалған бір мұнайшы жан сақтау бөліміне, екі жұмысшы травматология бөліміне түскен.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


http://www.qamshy.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Павлодарда не атыс болып жатыр?

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасында атыс болып, ...