Lady Gaga-ның продюсері Ральф Саймон Димаштың өнерін тамашалауға келді

3019
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/screenshot_20220505_105049.jpg

Димаш Құдайберген танымал америкалық продюсер, заманауи мобильді ойын-сауық индустриясының негізін қалаушы Ральф Саймонмен таныстығы жайлы айтып, онымен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Лос-Анджелестен Еуропаға менің концерттеріме қатысу үшін заманауи мобильді ойын-сауық индустриясының негізін қалаушы, танымал америкалық әнші Lady Gaga-ның продюсері Ральф Саймон келді. Ұзақ уақыт бойы байланыста болып, алғаш рет бірге суретке түстік. Ерекше идеялар мен ортақ жоспарларымызды талқыладық", - деп қуанышымен бөлісті Димаш өз инстаграм парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии