“Жаңа санкция”: АҚШ Ресейді білікті мамансыз қалдырмақ

3038
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Ресейдің ақылдыларын өздеріне ағылуға жағдай жасауға кірісті (утечка мозгов). Осы мақсатта осындай категориядағы адамдар үшін иммиграциялық ережелерге арнайы өзгертулер енгізгелі отыр.

Байден әкімшілігі полупроводниктермен жұмыс, космос, киберқауіпсіздік, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп, ядролық энергетика, жасанды интеллект, ракеталық қозғалтқыштар, т.с.с. ғылми салаға маманданған алдыңғы қатарлы мамандарды өз жағына тартқысы келеді.

Сонда қалай, АҚШ-та осы саладағы мамандар жетіспей ме деген заңды сұрақ туындайды. Жоқ әрине. Маман өздерінде де жеткілікті.

Мақсат басқада - Ресейді мамансыз қалдыруды көздейді. Бұл да санкцияның бір түрі деуге болады. Сәйкесінше жақсы жағдай туғызса, несі бар, кетеді де қояды. Идеяға шын берілген, нағыз путиншіл, шовинистерше ойлайтындар көп бола қоймас.

Бір ғана қауіп бар - бұлар жүрген жерлерінде сепаратистік пиғылдарынан ауытқуы екіталай. Қаншама жыл АҚШ-та, Еуропада тұрса да бұлар РФ үшін жанын салуға бар, оларын өздері патриотизм деп атайды.

Әрине, патриотизмді әркім әрқалай түсінеді, сондықтан АҚШ оларды бастапқы райларынан қайтаруды ойлап та отырған жоқ, мейлі, солай-ақ болсын дейді. Ең бастысы - Путинге қызмет жасамаса болды.

Олар кетсе өндірісі тоқтайды немесе баяулайды, осының өзі-ақ санкция салушылар үшін үлкен көмек. Әрине, олар алдағы уақыттарда Трампқа дауыс беруі мүмкін, бірақ ондайлардың пайызы бүкіл америка халқына шаққанда дым да емес.

Қуаныш Еділхантегі

Пікірлер