Аймағамбетов: "Оқу жылын аяқтау туралы бұйрыққа қол қойдым"

2882
Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды

"Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым", деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

"Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады", деп жазды министр өзінің telegram-арнасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket