Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

3333
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қылмыстық топтың басшысы Х. әрқайсына жұмыс бөліп берген. Ол мефедрон компонентін сатып алумен және клиенттермен келіссөз жүргізумен айналысқан. Басқалары Алматыдағы коттедждердің бірінде психотроптық затты дайындаған. Бағасы туралы ақпаратты арнайы сайттар мен чаттарда жариялап отырған. Қалғандары есірткілерді қаладағы қоғамдық орындарға жасырумен айналысқан», — деп хабарлады сотта.

2021 жылдың 14 сәуірінде топ мүшелерінің бірі М. заңсыз жасалған мефедронды алып, Алматыдағы көшелердің біріне жасырған. Сол күні жасырылған заттар табылып, оны полиция тәркіледі.

Сотта прокурор тергеудің айыптауын қолдап, қылмыстық топтың жетекшісі Х.-ны 18 жылға, ал қалған қатысушыларды 17-ден 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер