Қостанайда 22 жастағы жігіт 50 жастағы мұғалімді зорламақ болған

4487
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында бастауыш сынып мұғалімін зорламақ болған оқиғаға қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде болған. 22 жастағы жігіт бастауыш сынып мұғалімі болып істейтін 50 жастағы әйелдің үйіне басып кірген. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның үйіне кірген бетте ұрып-соғып, буындырып өлтіріп, зорламақ болған.

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген, судья  аталған оқиғаны естіген соң үзіліс жариялаған.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары 1-бөлігі – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша айып тағылуда. Ер адам зорлау әрекетін мойындамайды. Жәбірленуші зорлықшыға қарсыласып жүріп, әрең құтылғанын айтты.

Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұрады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер