Өскеменде 9 мамырға орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады

2777
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/2fde88fd-5fb4-46cb-9cba-8b0be0bd51a6.jpeg
Өскеменде 9 мамырға орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлады жергілікті YK-news.kz порталы. 
Жеңіс күні сағат 10:00-де Даңқ мемориалында ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді. Жиында құттықтау айтылып, гүлшоғын қою рәсімі және мерекелік концерт өтеді.
Сағат 19:00-де Даңқ мемориалында кешкі мерекелік бағдарлама бар.
Сағат 21:00-де "Шам жақ" акциясы өтеді.
22:00-де Даңқ мемориалында отшашу болады.
"Жаужүрек полк" акциясы онлайн форматта өтеді.
“Адырна” ұлттық порталы
Комментарии