Маңғыстау мұнайшылары 10 күнге жуық жұмысқа шықпай өз талаптарын айтуда

2672
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау мұнайшылары 9 күн бойы жұмысқа шықпай, өз талаптарын айтуда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Кезби" ЖШС жұмысшыларының 10% ғана жұмысқа шыққан. Қалғандары жұмыстарын тастап, талаптарын айтып тұр.

Мұнайшылар жалақыны 20 пайызға көтеруді және 12 сағаттық жұмыс күнін белгілеуді талап етеді.

Жұмысшылар әзірге мәселелерінің шешілмегенін айтады.

Еске салайық, өткен аптада компанияның жалақыны көтереміз деген уәдесінің орындалмай қалғанынан кейін "Кезби" ЖШС жұмысшылары бейбіт митинг өткізген еді.

"Кезби" ЖШС жұмысшылары былтырғы жылдан бері наразылықтарын білдіріп келе жатыр. 2021 жылдың жазында жаппай ереуілдің нәтижесінде олар өз жалақыларының көтерілуіне қол жеткізген.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер