Бір күнде 12 млн айыппұл: “Сергек” камерасына селт еткізер өзгеріс енгізді

3426
Adyrna.kz Telegram

«Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктерді анықтау мүмкін болды, деп хабарлайды Алматы қаласы ПД әлеуметтік желідегі ресми парақшасы. 

«Өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған. Бұл көліктер ұсталып, арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Манап Саттаров.

«Қорғау Сергек» жүйесі пилоттық режимде 2021 жылдың қарашасынан бастап пайдаланылып келе жатыр.

«Сонымен қатар, кейінгі тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауыс зорайтқыш сигналдарды заңсыз пайдаланатын екі автомашинаның жүргізушілері ұсталды. Бұған қоса, көлік басқармасынан 7 мас жүргізуші шеттетілді», – деп түйіндеді полковник Саттаров.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер