Еліміздегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Маңғыстауда тіркелді

2527
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан мен Маңғыстау облыстарында тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша, 2021 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасына жетпейтін халық үлесі 5,2% құрады (2020 жылы – 5,3%). 2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Cұлтанда (2,2%) тіркелді, – дейді Ұлттық статистика бюросы.

«Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған) халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. 2021 жылы еліміз бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте, әр аймақтың өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер