Қайрат Құдайберген 1 ай қамауға алынды

3909
Adyrna.kz Telegram

Белгілі бизнесмен, мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген 1 ай қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Мұрат Амитов өзінің фб парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Адвокаттың айтуынша, олар үш күн бойы сотқа дейінгі тергеу органдары Қайрат Құдайбергенге қатысты іс-әрекеттің біліктілігін анықтайды деп күткен, алайда нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу органы оның біліктілігін анықтамапты.

"Бүгін тергеу соты күдікті Қайрат Құдайбергеннің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 1 ай мерзімге "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Санкциялық материалға Қайратты әшкерелейтін дәлелдер енгізілмеген, тергеушілердің қаулысы мен Қайраттың өзінен жауап алудан басқа ештеңе жоқ. Оның органдардан жасырынып қалуы не тергеуге кедергі келтіруі мүмкін екендігі туралы нұсқаны растайтын материалдар қоса берілмеген",- деп жазды адвокат.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер