"Путиннің қастандығынан еш қорықпаймын, соғысты бастаған адам тоқтатсын!" - Зеленский

14030
Adyrna.kz Telegram

Украина басшысы Владимир Зеленский ресейлік диктатор Владимир Путинмен жеке кездесу барысында егер оған қастандық жасалса, одан еш қорықпайтынын мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Мен Ресей Федерациясының басшысымен кездесуді басынан-ақ талап еттім, өйткені менің ойымша, Ресеймен делдалдар арқылы кездесуге қатысты кез келген формат немесе Ресей Федерациясының басшысына дос елдер арқылы осы немесе басқа ақпаратты беру - менің ойымша қажетті нәтиже бермейді. Мен бұл соғысты оны бастаған адам ғана тоқтата алады деп санаймын. Ал қастандық әрекеттерге келетін болсақ, мен одан онша қорықпаймын. Менің қорқуға құқығым жоқ, өйткені халқымыз еш нәрседен қорықпайтынын көрсетті.  Шынымды айтсам,  менің күзетшілерім қатты қорқып отыр. Менің отбасым да қатты қорқады. Ашығын айтсақ осы», - деді Владимир Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер