Отардағы жас сарбаздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

20206
Adyrna.kz Telegram

Гвардиялық гарнизонда (Жамбыл облысы) жас сарбаздың қаза болуына байланысты қызметтік тергеу барысын Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов жеке бақылауына алды.

Ол егер жас сарбаздар арасында бір-бірін ұру немесе жарғылық емес қарым-қатынастың азғантай ғана фактілері анықталатын болса, сол әскери бөлімнің қолбасшылығынан біреуді қорғап, оны жасырып қалуға мүмкіндік бермейтінін айтты.

"Караван" басылымының хабарлауынша, Гвардиялық гарнизонның Әскери полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Мұханов аталған факті осы жылдың 22 сәуірінде СДТБТ-ның 440-бабы бойынша тіркелгенін растады (бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшінің өліміне әкеп соққан әскери қызметшілер арасындағы жарғыдан тыс өзара қарым-қатынастар).

«Оңтүстік өңірі бойынша Гвардиялық әскери-тергеу басқармасы жедел-тергеу тобы қазір болған оқиғаның барлық нұсқаларын қарастырып жатыр», - дейді Серік Мұханов. – Қажетті сараптамалар жүргізіліп қойған, қазір оның нәтижесін күтіп отырмыз.

Әскери полиция офицерінің айтуынша, қатарда тұрған сарбаз ауырып, құлап, басына қатты соққы тигенде, ол шұғыл түрде Гвардия гарнизонының әскери госпиталіне жеткізілген. Онда оған бір жарым сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, өкінішке орай оң нәтиже бермеді.

«Сағат 10:35-те әскери қызметшінің биологиялық өлімі тіркелді», - деп жалғастырды Серік Мұханов. - Алдын-ала диагноз, дәрігерлер өз актісінде жазғандай: "Кенеттен болған жүрек өлімі". Жедел жүрек жеткіліксіздігі деп айту дұрысырақ болар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер