Ақтау қаласы әкімі: Жұмыссыздық мәселесін шеше алсаңыз, жалақымнан 2 млн теңге беремін

2568
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жұмыссыздық мәселесі жайында айтқан жауабын желі қолданушылары Facebook-те жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Видеодан жиында сөз алған тұрғындардың бірі жұмыссыздық мәселесін шешу жөнінде сұрақ қойғанын көруге болады. Онда тұрғын қолында билік болса, бұл проблеманы өзі-ақ ретке қоятынын айтқан. Ал қала әкімі бұл ұсынысқа шыдамай, бірден жауапқа кірісті.

"Жұмысқа орналастыру қолымыздан келмей жатқан шығар. Онда сізге ұсыныс айтайын. Өзім 783 мың теңге аламын. Сол айлығымды қақ бөліп берейін. Сосын әкімдіктен кабинет бөліп, жұмыс орныңызды сайлап берейін. 5 айдың ішінде 4250 адамды жұмысқа орналастырып беріңізші. Шамамен менің 50 пайыз еңбекақым бес айда 2 миллиондай болады екен. Егер сіз 4-5 айда осы адамдардың жұмысқа орналастырсаңыз сол ақшаны беремін. Тіпті тірі кезіңізде ескерткіш те қоямын. Жиіркенесіз бе жұмыстан, онда өзіңіз барып тауып алыңыз. Осы ұсынысымды орындай алмасаңыз бүкіл халықтың алдына шығып кешірім сұрайсыз", — деді қала әкімі

Telegram арнамыздан видеосын көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер