Вице-министр Президент тапсырмаларын уақытында орындамағаны үшін қызметінен босатылды

3417
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/02268eb7-b430-462e-80c8-58eceb68c61a.jpeg
Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портады primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып 2019 жылы наурызда тағайындалған еді. Ол әр жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейіннен ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Берік Қамалиев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.

“Адырна” ұлттық порталы 

Комментарии