Депутат Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды

2983
Adyrna.kz Telegram
Фото: kun.kz
Фото: kun.kz

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасына қатысты ұсталды. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген түнде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) айыпталуда», - деп жазды Козачков жұма күні өзінің Telegram-арнасында.

Еске салайық, қаңтар оқиғасы кезінде Құдайбергенді Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде кездейсоқ 24 жолаушыны ұрлап кеткені үшін айыпталған «Жабайы Арман» лақап атымен танылған кримавторитет Арман Жұмагелдиевтің жанында жиі көрген. Қазір «Жабайы Арман» тергеу мерзіміне қамауға алынды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер