Алматыда “қыз алып қашқандар” видеоға түсіп қалды

2443
Adyrna.kz Telegram

Алматыда қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Видеоға көз салсақ, оқиға “Алматы Арена” жақта орын алған.

"Алатау ауданының ІІБ полиция бөлімінің мәліметінше, "102" пультіне және олардың бөлімшелеріне бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түспеген. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау мақсатында тексеру шараларын жүргізуде. Тәжірибеге сүйене отырып, бұл әдейі жасалған немесе шығармашылық түсірілім болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл тек нұсқалардың бірі ғана. Тексеру шаралары міндетті түрде жүргізілетін болады", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер