Мектептерде “Жеңіс күніне” орай жиын өткізілмейді

3433
Adyrna.kz Telegram

Биыл мектептерде 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізу жоспары жоқ деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылды.

«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», – дейді баспасөз қызметі.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер