Допингке қарсы ерікті қауымдастық Головкин жекпе-жегін сынақтан өткізді

2397
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/5ed6d616-913f-4d90-ae23-45283676e8c8.jpeg

Допингке қарсы ерікті қауымдастық (VADA) Геннадий Головкин мен Риота Муратаның 9 сәуірдегі жекпе-жегі сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин мен Мурата арасында орта салмақтағы WBA Super және IBF титулдары үшін жекпе-жегі Сайтамада (Жапония) өтті. GGG қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Бұған дейін VADA боксшылардың тыйым салынған заттары бар-жоғын анықтайтын тексерістен өткенін хабарлаған болатын. Тестілеу екі спортшының да «таза» екенін растады.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии